Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 16-07/443 бұйрығы
(2024.27.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.08.06. № 222 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативі және қағидасы бекітілсін.
2. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Тайтубаев М.Қ.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.