Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығы
(2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.09.06. № 422 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Е.Н. Мейірбеков):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.