«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1168 Қаулысы (күші жойылды)

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1168 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 170-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Үлгілік қағидалар басқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда (бұдан әрі - ұйымдар) құжаттаманы басқару тәртібін белгілейді және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамаға қолданылады.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік тілдегі құжаттың және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын теңтүпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.»;

мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2 және 84-3-тармақтармен толықтырылсын:

«84-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмалары бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:

1) шұғыл - «аса шұғыл» белгілері бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;

2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.