«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1215 Қаулысы

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1215 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 12 қарашадағы

№ 1215 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 7 ақпандағы

№ 115 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс
операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу
қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.