Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 310 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 95 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 156-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.