Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындау арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған:
Өнеркәсiптiң толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi;
Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесi бекiтiлсiн.