Қазақстан Республикасының
Заңы
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 12, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1, 2 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 5 152 711 777 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 3 511 723 367 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 88 890 504 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 7 700 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 544 397 906 мың теңге;
2) шығындар - 5 743 716 813 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 40 831 419 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 122 125 013 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 81 293 594 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 158 721 629 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 167 531 629 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 8 810 000 мың теңге;
5) тапшылық - -790 558 084 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,3 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 790 558 084 мың теңге.
2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 480 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 767 472 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
«20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 46 024 637 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;
2) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қарашаның 29-ы.
№ 146-V
«2013 - 2015 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер енгізу туралы»
2013 жылғы 29 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 146-V Заңына
1-ҚОСЫМША
«2013 - 2015 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2012 жылғы 23 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 54-V Заңына
1-ҚОСЫМША
2013 жылға арналған республикалық бюджет