Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы
(2016.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасын іске асыру және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.