Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 Қаулысы
(2026.31.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
C. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2019.11.02. № 51 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1275 қаулысымен
бекітілген
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі - Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі - рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Рұқсаттамалар беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)