«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 51 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж. № 68, 909-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 51 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1275 қаулысымен
бекітілген
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі - Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі - рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
2. Рұқсаттамалар беру тәртібі
2. Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта өтініш береді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.