Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция (Страсбург, 1988 жылғы 25 қаңтарда)

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы
 конвенция
(Страсбург, 1988 жылғы 25 қаңтарда)

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 27 мамырда Парижде жасалған хаттамамен енгізілген түзетулер 2011 ж. 1 маусымда күшіне енді

 

ҚР 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V Заңымен ратификацияланды (мәлімдемелермен және ескертпелермен)

 

Кіріспе

 

Осы Конвенцияға қол қойған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер,

Адамдардың, капиталдардың, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің халықаралық қозғалысының дамуы - осы процестердің тиімділігіне қарамастан - салық салуды болғызбау және одан жалтару ықтималдығының өсуіне әкеп соқтырғанын және сондықтан салық органдары арасында ынтымақтастықты нығайтуды талап ететінін ескере отырып;

халықаралық деңгейде екі жақты, сол сияқты көпжақты негізде салық салуды болғызбаумен және одан жалтарумен күресу үшін соңғы жылдары қолға алынған барлық жан-жақты күш-жігерлерді құптай отырып;

мемлекеттер арасындағы үйлесімді күш-жігерлер салық төлеушілердің құқықтарын тиісті қорғауды бірмезгілде қамтамасыз ете отырып, кез келген салық түрін алу мәселелерінде әкімшілік көмектің барлық нысандарын дамыту мақсаттарында қажеттілік болып табылатындығын ескере отырып;

халықаралық ынтымақтастық салықтық жауапкершілікті тиісінше анықтау кезінде және салық төлеушіге оның құқықтарын қамтамасыз етуде жәрдемдесу кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігін тани отырып;

әрбір адамға заңда белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған құқықтары және міндеттері бар қабілетке ие ететін негізгі қағидалар барлық мемлекеттерде салық мәселелері бойынша қолданылатын ретінде танылуға тиіс екендігін және мемлекет кемсітушілік пен қосарланған салық салудан тиісті қорғауды қоса алғанда, салық төлеушілердің заңды мүдделерін қорғау жөнінде күш-жігерлерін салуға тиіс екенін ескере отырып;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.