«Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

Салық өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы
 хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара істері бойынша әкімшілік көмек туралы
конвенцияны ратификациялау туралы

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 27 мамырда Парижде жасалған хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы 1988 жылғы 25 қаңтарда Страсбургте жасалған конвенция осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мәлімдемелермен және ескертпелермен қоса ратификациялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 26-ы.

№ 267-V

 

«Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы

конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген

 түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы

 конвенцияны ратификациялау туралы»

2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

1-қосымша

 

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы

хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға

мәлімдемелер

 

1. Қазақстан Республикасы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) соларға қатысты қолданылатын және Конвенцияның 2-бабының 2-тармағына сәйкес Конвенцияның А қосымшасына енгізілетін салықтар мыналар болып табылатынын мәлімдейді:

1) 2-бап, 1-тармақ, а) тармақша:

і) жеке табыс салығы;

корпоративтік табыс салығы;

әлеуметтік салық;

2) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

іі) әлеуметтік аударымдар;

міндетті зейнетақы жарналары;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

3) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) А. мүлік салығы;

4) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) В. жер салығы;

5) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) С. қосылған құн салығы;

6) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) D. акциздер;

7) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) Е. көлік құралы салығы;

8) 2-бап, 1-тармақ, b) тармақша:

ііі) G. экспортқа рента салығы;

ойын бизнесі салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

2. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының d) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына қатысты Конвенцияның В қосымшасында анықтамасы көрсетілген «құзыретті орган» деген терминмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе оның уәкілетті өкілі түсінілетінін мәлімдейді.

3. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының e) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына қатысты Конвенцияның С қосымшасында анықтамасы көрсетілген «ұлттық тұлғалар» деген терминмен мыналар түсінілетінін мәлімдейді:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар барлық жеке тұлғалар;

2) өз мәртебесін Қазақстан Республикасының заңдары негізінде алған барлық заңды тұлғалар, серіктестіктер немесе қауымдастықтар.

 

«Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек

туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы

хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық

істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы

конвенцияны ратификациялау туралы»

2014 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 267-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының

Заңына

2-қосымша

 

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға
өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар
Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға
ескертпелер

 

1. Қазақстан Республикасы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 30-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес Конвенцияның А қосымшасына Қазақстан Республикасы енгізген салықтарды немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда, басқа Тараптардың Конвенцияның 2-бабы 1-тармағының b) тармақшасында тізілген салықтарының кез келген түрлеріне қатысты қандай да бір көмек көрсетпеу құқығын өзіне қалдырады.

2. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 30-бабы 1-тармағының b) тармақшасына сәйкес Конвенцияның 2-бабының 1-тармағында тізілген салықтардың барлық түрлері үшін кез келген салықтық талапты орындау немесе әкімшілік айыппұлды өндіріп алу бойынша көмек көрсетпеу құқығын өзіне қалдырады.

3. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 30-бабы 1-тармағының с) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына қатысты Конвенция күшіне енген күнге немесе Қазақстан Республикасы Конвенцияның 30-бабы 1-тармағының а) немесе b) тармақшаларына сәйкес жасалған ескертпені алып тастаған күнге қолданыстағы кез келген салықтық талапқа қатысты көмек көрсетпеу құқығын өзіне қалдырады.