«Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 620-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Екінші жолда кеме тұрағының орны (рейд, порт, жағалау атауы), ал жүзіп жүрген кемеде - жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасының, көл, теңіз, олардың шығанағының немесе бөлігінің атауы) көрсетіледі. Бұдан әрі жолда сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі көрсетілуі мүмкін.
22. Кеме журналында кеменің тәулік бойғы жұмысы; гидрометеорологиялық деректер; жүзіп өткен қашықтық; навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар; бас қозғалтқыштардың жұмысы; көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
23. Кеменің тәулік бойғы жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
1) рейс нөмірі (ол өзгерген кезде жазылып отырады);