«Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы (2013.04.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы

(2013.04.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығын қараңыз

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1315 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1315 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы 8 шілдедегі № 781

қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелерге кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

 

 

2. Кеме журналын беру және жүргізу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1315 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.