Метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1319 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1319 қаулысымен
бекітілген
Метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймағында болу және онда жұмыс жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жолаушы - метрополитенде жол жүру үшін жол жүру құжаты (билеті) бар жеке тұлға;
2) метрополитеннің әкімшілігі - жедел басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін метрополитеннің кәсіпорын басшылығы;
3) метрополитеннің жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшісі - жолаушылардың қауіпсіз отыруын, түсуін, олардың станция платформасында біркелкі тарауын, жолаушылардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың метрополитеннің жылжымалы құрамына отырғызу алдында (техникалық құралдарды пайдалана отырып) станция бойынша қозғалысын қамтамасыз ететін қызметкер;