(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.31.12 № 2336 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 Қаулысы

(2010.18.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 458 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 2336 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке

алу ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.