Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешімі
Осы редакция 2013 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Арнайы қалалық жәрдемақы туралы» ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы № 16 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 757 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2007 жылдың 16 және 18 қазанында жарияланған);
2) «IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы № 16 «Арнайы қалалық жәрдемақы туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VIII сессиясының 2008 жылғы 6 наурыздағы № 87 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 773 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2008 жылдың 8 сәуірінде және «Вечерний Алматы» газетінде 2008 жылдың 12 сәуірінде жарияланған).