Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 Қаулысы
(2010.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі бекітілсін.
2. «Жергілікті атқарушы органдардың су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беруі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 66-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.