«Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 718 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың
тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын бекіту туралы

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19- бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 27-і.

 

№ 718

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 718 Жарлығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне

алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың (бұдан әрі - резервшілер) тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өтуінің осы қағидалары «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметшілер мен резервшілердің тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өтуі тәртібін айқындайды.

2. Тағылымдама мемлекеттік қызметшілер мен резервшілердің мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім мен тәжірибе алуы үшін жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.