Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 845 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруы және автоматтандыруы тәртібін айқындайды.
2. Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе), оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар ұсынатын қағаз құжаттарының санын қысқарту, не оларды электрондық нысанға көшіру немесе оларды мәліметтер нысанымен алмастыру;
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;