«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 472 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 тамызда № 8621 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп- гимназия)) түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.
Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.»;