«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығы

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған қазақ тілін одан әрі дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74, 78 (28013, 28017) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 5, 6, 9, 10, 11, 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 27 қарашадағы

№ 471 бұйрығына 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 8 қарашадағы

№ 500 бұйрығына 2-қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.