Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1489 Қаулысы
(2015.02.04. берілген өзгерістермен)
«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1489 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс
желілері мен құралдарын беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезінде байланыс желілері мен құралдарын пайдалану кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының Президенті құратын мемлекеттік органдарға және арнайы мемлекеттік басқару органдарына үкіметтік байланысты, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, әскери басқару органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басым пайдалану, сондай-ақ тоқтата тұру мүмкіндігі беріледі.
2. Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс
желілері мен құралдарын беру тәртібі
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.