«Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1517 Қаулысы (күші жойылды)

Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1517 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1517 қаулысымен

бекітілген

 

 

Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) аялдау пункті - метрополитеннің жылжымалы құрамының аялдауы жүзеге асырылатын, жолаушыларды метрополитенде отырғызуға және түсіруге арналған пункт;

2) борт журналы - нөмірленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, метрополитеннің жылжымалы құрамында болатын журнал, оған метрополитеннің жылжымалы құрамының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жоспарлау-ескерту жөндеуінен өткені туралы белгілер қойылады, қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспайды;

3) жол жүру құжаты (билет) - жолаушының метрополитеннің көрсетілетін қызметтері арқылы жүруді жүзеге асыру құқығын растайтын бір реттік қолданылатын байланыссыз смарт-жетон немесе көп реттік байланыссыз смарт-карта;

4) қол жүгі - метрополитеннің жылжымалы құрамының салонында тасымалданатын жолаушылардың жеке заттары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.