2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
8) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
10) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
11) осы Кодекстің 106, 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
12) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін тауарлық-материалдық қорлардың құны;
13) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;
14) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары шегерімге жатпайды.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 64-бабына сәйкес 115-бап екінші бөлікпен толықтырылды
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.
§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
116-бап. Тіркелген активтер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады:
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;
3) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.
2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатына орай ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша ескеруге орай амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;
2) жер;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткіштері;
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
6) аяқталмаған күрделі құрылыс,
7) фильмқорына жататын объектілер;
8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерiмдер құқығы берiле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды(2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылған құн бөлiгiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген активтер;
12) осы Кодекстің 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;
13) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.
117-бап. Құндық балансты айқындау
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы І топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы қосу
салық кезеңінде түскен тіркелген активтер алу
салық кезеңінде шығып қалған тіркелген
активтер қосу
осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
10. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн және (немесе) одан кейiн пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылмаған құн бөлiгiнде топтардың (кiшi топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға мiндеттi.
118-бап. Тіркелген активтердің түсімі
1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген актив пайдалануға берілген күннен бастап салық төлеуші шеккен шығындар тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылады. Мұндай шығындарға:
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бірігу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.
7. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:
1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда - аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
8. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:
1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда - амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.
10. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысу күніне, құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арнаулы салық режімінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
Осы тармақтың ережелерін осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер қолданбайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 11-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы Кодекстің 115-бабының 1) - 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арнаулы салық режімінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: