«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1541 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1541 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 158-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

3-тармақтың 3), 5), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

3) орталық депозитарий - Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі - оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;

6) бастапқы дилер - белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.