Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 473 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (бұдан әрі - қазынашылық міндеттемелер) шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.
2. Қазынашылық міндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.