«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 697 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1555 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
міндетті мүшелік жарналарды төлеу

 қағидалары

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі - Ұлттық палата) жыл сайынғы жарналарды төлеу тәртібін айқындайды.

2. Міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін айқындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.