«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығы (2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша
геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы
(2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 805 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласының, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану тұрақтылығы мен оларды тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Кеңес туралы ереже;

2) Кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы қазанның 3-і.

 

№ 659

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 3 қазандағы

№ 659 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша
геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология мен жер қойнауын пайдалануды тұрақты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.

2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.