«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1575 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 14 ақпандағы

№ 134 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

 

Миссиясы

Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың көмірсутек шикізатына және оны қайта өңдеу өнімдеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.

Пайымы

Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі мен магистральдықты қоса алғанда, көмірсутек шикізатын тасымалдау жүйесі мен көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша дамыған қуаттар.

 

 

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды және қызметтің
тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау

 

1-стратегиялық бағыт. Мұнай саласын дамыту

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.