Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 418-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1220 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.03.02. № 196 Қаулысымен стратегиялық жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың көмірсутек шикізатына және оны қайта өңдеу өнімдеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.
Пайымдауы