Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы
(2013.24.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімегі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат кұнын айқындау қағидасы бекітілсін.
2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімегінін 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.