«Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығымен (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

 

ҚР Президентінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 280 Жарлығымен күші жойылды

 

Қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 21-і.

 

№ 741

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741

Жарлығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған
тұжырымдамасы

 

Астана, 2014 жыл

 

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (бұдан әрі - 2050 Стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған нұсқауларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің қағидаттары мен тәсілдемелеріне, мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттеріне негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіреді.

 

 

1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы

 

Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты.

Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.