Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.