Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген орталық ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергендігі туралы хабардар етсін.
3. «Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 521-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.