Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/188 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 57 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің 65-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса берілген Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | А. Байменов |
Мемлекеттік қызмет iстерi
агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 06-7/188 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік
жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру
Ережесі
1. Жалпы ережелер