2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 99 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 16-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
5. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.