Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 Қаулысы
(2011.04.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысымен
бекітілген
Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаcы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредитеуден өткізу:
аккредиттеуді өткізу үшін құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі - бірлестік) Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтеді.
3. Бірлестіктерді аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.