Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жургізу жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі
(2014.11.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен күші жойылды
1. Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде заңнамаға тексеру жүргізуді жүзеге асырсын және кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жағдайларын жақсарту мен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын ретке келтіруге бағытталған ұсыныстар әзірлесін.
ҚР Президентінің 2014.12.02. № 750 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 795 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 253 өкіміне
ҚОСЫМША
Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссияның
құрамы