(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2013.19.03 № 97 Б...

Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 бұйрығы

 

Осы редакция 2013 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т. А.):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткенен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директоры (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 19 наурыздағы

№ 97 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері
бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу
ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1. Жалпы қағидалар

 

1. Осы білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін анықтау тәртібін (бұдан әрі - кепілдік мөлшерін анықтау) белгілейді.

2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

1) кепілдікті міндеттеме - ұйымның кредитор алдында келісімде көзделген тәртіп пен шарттарда айқындалған кепілдік мөлшері шегінде кредит шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерді орындағаны үшін жауап беру міндеттемесі;

2) қарыз алушы - кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;

3) білім беру кредиті - қаржы ұйымдары мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

4) қаржы ұйымы - қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - кредитор).

 

 

2. Білім беру кредиттері бойынша кепілдіктің мөлшерін анықтау тәртібі

 

3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда білім туралы диплом қосымшасының қорытынды бағалары немесе ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдалынады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.

Үлгерімнің орташа арифметикалық балын есептеу кезінде «Сынақ», «Сынақтан өтпеді» деген бағалар қабылданбайды.

4. Есепке төмендегі үлгерім алынады:

1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша:

оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сетрификатына немесе оқуға түсу емтихандарының нәтижелеріне сәйкес;

білім алушылар (студенттер) үшін транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізінде соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша жоғары оқу орны берген анықтамаға сәйкес.

2) жоғары білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша:

оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына сәйкес;

білім алушылар үшін жоғары оқу орынның соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізіндегі анықтамасына сәйкес. GPA болмаған жағдайда бес балдық жүйе бойынша үлгерімнің орташа арифметикалық балы есепке алынады.

5. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға түсушілердің үлгерімі ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша (екі пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы) арнайы (шығармашылық) емтихандардың қорытындылары есепке алына отырып есептеледі. Арнайы (шығармашылық) емтихандардың саны - екі.

6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) магистратурасымен докторантурасына оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады. Қабылдау емтихандары болмаған жағдайда үлгерім диплом қосымшасында берілген қорытынды бағалардың орташа арифметикалық мәнін шығару арқылы есептеледі.

7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім қабылдау емтихандарының орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары көзделмеген жағдайда үлгерім жоғары білімі туралы дипломның қосымшасында берілген қорытынды бағалардың орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы анықталады.

8. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша мәндес мамандықтарға түсетін жағдайда үлгерім кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша есептеледі.

9. Білім алушылардың (студенттердің) оқу жетістіктері (білімі, қабілеті, дағдылары мен біліктілігі) осы Қағидаларға «Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламаға сай білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі» 1-қосымшаға сәйкес кестенің негізінде бағаланады.

10. Кепілдік мөлшері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-6 кестелері негізінде анықталады.

11. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары мынадай төлемдерді көздейді:

1) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру қызметтері үшін;

2) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде қызмет ететін білім беру курстары және/немесе шетелдік ЖОО-лардың қызметтері үшін;

3) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері үшін;

4) білім алу үдерісімен қатар жүретін шығындарды өтеу үшін;

5) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда үлгерімі жоғары студенттерге білім беру қызметтері үшін жүзпайыздық кепілдікпен;

6) ЖОО-лардың қатысуымен жүзпайыздық кепілдікпен Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда білім беру қызметтері үшін.

12.Осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға бөлек транш ретінде ұсынылады, оның әрқайсысының көлемі бір академиялық мерзім үшін (семестр, жыл) оқу ақысының мөлшерінен аспайды, кредит қолма-қолсыз ақша түрінде білім беру ұйымының есепшотына аударылады.

13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-кестенің негізінде белгіленеді.

14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-кестенің негізінде белгіленеді.

Осы кепілдік беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерінің құнына анықтама-шотта (инвойста) шығын туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда оқу орнында тұру және тамақтану, сақтандыру шығындары кіреді.

15. Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 3-кестенің негізінде белгіленеді.

16. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 4-кестенің негізінде белгіленеді.

Осы кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредитінің мөлшері қарыз алушының жылдық оқу ақысының 50 %-нан (елу пайызынан) және/немесе бір жылда 200 (екі жүз) есептік айлық көрсеткіштен аспауы қажет және бір оқу жылы ішінде қарыз алушыға екі рет ұсынылады.

17. Осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері тұрақты шама болып табылады және білім беру кредиті сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.

Білім беру кредитінің мөлшері тұрақсыз шама болып табылады және қарыз алушының үлгеріміне қарай осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 5-кестенің негізінде өзгереді.

18. Осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-қосымшасына сәйкес 6-кестенің негізінде тиісті транш бойынша негізгі қарыз сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.

 

Қаржы ұйымдары тарапынан білім

алушыларға ұсынылатын білім беру

кредиттері бойынша кепілдеменің

мөлшерін анықтау қағидаларына

1-қосымша



Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламасына сай келетін білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

 

 

Қаржы ұйымдары тарапынан білім

алушыларға ұсынылатын білім беру

кредиттері бойынша кепілдеменің

мөлшерін анықтау қағидаларына

2-қосымша

 

 

Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау

 

1-кесте. ЖОО-ларда және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін ұйымдарда оқу ақысын төлеу мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

 

 

2-кесте. Шетелдік ЖОО-ларда және білім беру курстарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

 

 

3-кесте. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

 

 

4-кесте.Білім алу үрдісімен қатар жүретін басқа шығындарды өтеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

 

 

5-кесте.Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

 

 

6-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ЖОО-ның қатысуымен 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: