Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 304 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 ақпанда және 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.