(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІРІНШІ ... ...

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығы

(2013.07.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.

2. Сараптамалық кеңес өзінің міндеттерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені басшылыққа алсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 316 «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесін құру туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы А.К. Әміринге жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Бірінші вице-министр

А. Рау

 

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013.07.11. № 348 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар бірінші

вице-министрінің

2012 жылғы 15 мамырдағы

№ 162 бұйрығына қосымша

 

 Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік

мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің

құрамы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.