1-1. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.
56-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салықтық есепке алу - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.
Жиынтық салықтық есепке алу - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі осындай қызмет бойынша жиынтық түрінде де және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, осы тарауға және осы Кодекстің 7-1-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режімі қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салықтық есепке алу саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.
Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;
3) салықтық есепке алу саясатын;
4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.
57-бап. Салықтық есепке алу ережесі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүргізуді жүзеге асырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепіл нысанасын кепіл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретінде қарастырылады.
58-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алынуын жүргізуге міндетті.
2. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 310-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.
4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқару қызметі және өзге де қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табыстар пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
6. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.
Салық төлеуші осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнінде талап белгіленген қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіре алмайды.
7. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.
Бұл ретте салық төлеушінің жалпы табыстары мен шығыстары деп есептік салықтық кезеңнің табыстары мен шығыстары, оның ішінде жекелеген қызмет түрін жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайтын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсініледі.
8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық қызметінің органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.
59-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар
1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметінің органдарына табыс етіледі.
2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.
Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық қызметінің органы оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.
4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
5. Тіркелген активтердің, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
7. Салық төлеушіні (салық агентін) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
60-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.
234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
9) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 10) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
10) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмiрлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.
Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;
2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен кодекс 7-1-тараумен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
60-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) активтер - дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;
2) бастапқы есепке алу құжаттары - салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;
3) биологиялық актив - ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;
4) капитал - дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;
5) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;
6) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
7) негізгі қаражат - материалдық активтер, олар:
тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған;
бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;
8) табыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;
9) тауар-материалдық қорлар - сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптар
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкерлер шетелдік валютамен жасалған операцияларды операция жасалған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.
2. Салықтық есепке алуда тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі - қорлар) оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.
Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.