(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:

оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация;

3) салық төлеушілердің әрбір санаты:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;

осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;

2) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық агенті шегерімге жатқызған, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;

3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.

Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:

1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;

2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;

3) салық ставкасы туралы;

4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;

5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;

6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;

7) салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.

4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.

Осы декларация салық төлеушілердің:

жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;

шегерімге жатқызылған шығыстарды;

табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;

салық салынатын табысты (залалды);

салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;

шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1) - 6), 8) - 10), 12) - 15) тармақшаларында көрсетілген;

2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.

Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;

2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;

3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.

Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың табысы жөніндегі;

3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

 

68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен:

салық есептілігі үшін - қағаз жеткізгіште;

мониторинг бойынша есептілік үшін - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:

мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

5-тармаққа өзгерістерді қараңыз 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңы (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

5. Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.

Егер салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, онда осы Кодекстің 256-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптарды орындау мақсаттары үшін салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364,437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.

Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда) салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.

8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.

 

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 

1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етедi.

Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салық есептілігi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық қызметi органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.

Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.

Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:

1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;

2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жою әдісімен мынадай:

1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40, 41 және 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;

2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының және 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;

3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;

4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;

5) қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.

Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:

1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептілігiн;

3-1) салық қызметі органының коды дұрыс көрсетілмеген;

3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 - 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) - 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.

5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:

1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

 

70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.

Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.