(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-6-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-6-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

151-6-бап. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) туристік қызметтер көрсету;

2) мынадай талаптарды сақтаған:

салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;

салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.

2. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-7-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) металлургия өнеркәсібі;

2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) авиация, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;

4) автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелерді жасау;

5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;

6) электр жабдықтарын жасау;

7) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндіру;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10) - 31) тармақшалармен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10) гидравликалық жабдықты жасау;

11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;

12) өзге де шүмектер мен вентильдер жасау;

13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;

14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;

15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;

16) қол электр құралдарын жасау;

17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;

18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;

19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;

20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;

21) центрифугалар (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарын қоспағанда) жасау;

22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;

23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;

24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;

25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;

26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;

27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;

28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;

30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;

31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау.

2. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-8-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

151-8-бап. Қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

2) тамақ өнімдерін өндіру;

3) тері және оған жататын өнім өндіру;

4) тоқыма бұйымдарын жасау;

5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;

6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;

9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу.

2. Қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-9-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

2) мұнай-химия өнімдерін өндіру.

2. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-10-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;

4) химиялық өндіріс үшін машинадар мен жабдық жасау;

5) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетіні туралы қорытындысы болған кезде осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжатамаға сәйкес салу және мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі негізінде қолданысқа беру.

2. Қызметiн «Тараз химиялық паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында 1) - 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық кезеңі, салық есептілігін берудің тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

 

18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

153-бап. Төлеушілер

1. Осы Кодекстің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

 

154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.

Осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.

2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстің 178-бабында және 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

155-бап. Салық салу объектілері

1. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бірге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

тұрғын үй жалдау бойынша;

осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді

19) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге жататын және меншiк құқығында бір жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;