2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша не тұрғылықты тұратын жерi бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.
Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектiсiнiң орналасқан жері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша он жұмыс күні ішінде салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша ұсынуға мiндеттi.
Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де қалданылады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi.
Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:
1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер болмаған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Концессия шарты бойынша бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығы тоқтаған заңды тұлға егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:
заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған;
заңды тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған жағдайда шығарылады.
Бұл ретте заңды тұлға құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімді жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер мұндай заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебінен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережелері барлық салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша құқықтар тоқтатылған жағдайда, заңды тұлғаларға қолданылмайды.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші
579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші
1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша;
2) ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
жеке табыс салығы бойынша;
ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда
немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбағанн дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.
6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.
580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға таратылу сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Таратылу сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 47-бабына сәйкес 581-баптың 3) тармақшасының қолданылуы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайда банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) көлік құралына салық төлеуге төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, көлік құралына салық төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарындағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдері де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқамасы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындалуға міндетті.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) нұсқамасы болған кезде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды адамын жіберуге;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған кезде қарыз алушыда - салық төлеушіде міндеттемелерін есептен шығарудан кіріс пайда болғаны туралы оның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;
11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді