12) салық қызметі органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша - дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;
осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның;
орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, осы есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
өз өкiлеттiктерiн орындаған кезеңде мемлекеттік қызметтi атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.
Осы тармақшада көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда беріледі.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарын:
осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметінің органдары осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттары бойынша (мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған корреспонденттік және банк шоттарын қоспағанда) инкассолық өкім немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық төлеушіге;
уәкілетті органның сайтында өзі туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге ашудан бас тартуға міндетті.
Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 582-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
582-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіні тіркеуді және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы
Салық қызметі органдары салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде мынадай:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;
шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін, оның ішінде:
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға рұқсат;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат;
орман пайдалануға арналған ағаш кесу билеттері және орман билеттері;
сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыруға рұқсат;
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат;
жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация жүйесінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысына құқық беретін;
кеме жүзетін су жолдарын пайдалануға рұқсат беретін;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыратын;
6) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын;
7) нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;
11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
12) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімше есептік тіркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тіркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тіркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық қызметі органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге міндетті.
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер алынатын (өндiрiлiп алынатын) объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 19-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, мерзімде және нысандар бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.
4. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар табыс етілетін мәліметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге міндетті.
5. Шетелдіктердің келуін (кетуін) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган олардың келуін (кетуін) тіркегеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей келудің мақсатын, орнын және болу мерзімін көрсете отырып, келуші шетелдіктер туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық қызметі органына табыс етуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын резидент емес туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына табыс етуге міндетті.
7. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
8. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілім пайдаланыла отырып, электрондық түрде, уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электронды түрде ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.
82-тарау. САЛЫҚ НЫСАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
584-бап. Салық нысандарын қабылдау
1. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.
2. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын салық қызметі органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:
1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;
2) хабарландыра отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы:
салық есептілігі үшін - почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
салықтық өтініш үшін - салық қызметі органдары алған күн;
3) электронды түрде - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
2-1. Осы Кодекстiң 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес керi қайтарып алынған салық есептілігiн қабылдаған күн осы Кодекстiң 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етiлген салық есептілігiнiң табыс етiлген күнi болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күннің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.
Салық қызметі органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы тапсырылған электронды түрдегі салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.
4. Салық қызметі органдары салық есептілігі электронды түрде табыс етілген кезде салық қызметі органдарының қабылдау жүйесі салық есептілігін қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйенің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылады (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары, егер:
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салықтық нысандарға сәйкес келмесе, немесе
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық органының коды көрсетілмесе, немесе
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) салық есептілігіне қол қоюға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса, немесе
7) тармақшаға өзгерістерді қараңыз 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңы (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылады (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және (немесе) осы Кодекстiң 587-бабына сәйкес салық есептілігiн ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 586-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
586-бап. Камералдық бақылауды жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Камералдық бақылау салық қызметi органдарында бар мынадай деректердi:
1) салықтық есептіліктi;
2) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiн;
4) салық төлеушiнiң қызметi бойынша әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi бір-бірiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген деректер өз арасында да салыстырылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Камералды бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.
2. Камералдық бақылау осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, талаптың өткен мерзiмi iшiнде жүзеге асырылады.
587-бап. Камералдық бақылау нәтижелері
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:
1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,
2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,
3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына - анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;
2) жоғары тұрған салық қызметі органына - камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;
2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);
3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;
5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.
Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.
3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.
83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын АУДАРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
588-бап. Жалпы ережелер
1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі:
дербес шотты ашуды;
кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
дербес шотты жабуды қамтиды.
Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде;
салық органы - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;
уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.