Осы тараудың мақсатына орай есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
4. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда, салық қызметі:
салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық қызметі органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.
589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.
2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валютасымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шотттағы есеп мынадай тәртіппен:
1) салық есептілігін ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, есептелген, кемітілген сома;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіледі.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігі мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен дербес шотта туындаған айырма сомаға түзетуді жүргізеді. Түзету айырмасы төлем жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 590-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, мемлекеттік уәкілетті органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қосылған құн салығын төлеуші қолданған жағдайда қосылған құн салығын төлеушінің дербес шотындағы салық есептілігі деректерінің негізінде:
1) есептелген сома ретінде - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы (осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қолданбай);
2) кемітілген сома ретінде - осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кеміту сомасы есепке алынуға жатады.
591-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;
2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома - есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудiң аяқталған күнi көрсетiле отырып және осы Кодекстiң 93 және 94-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беру мерзiмдерi ескерiле отырып жеке шотта жүргiзiледi.
Салық төлеушi осы Кодекстiң 608-бабының 3-тармағында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтiнiштi табыс еткен күннен бастап салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында жүргiзiледi.
3. Шағым жасалған жағдайда дербес шоттағы есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру күні мен деңгейі бойынша, сондай-ақ шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім ескеріле отырып көрсетіледі.
4. Есепке жазылған сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде және мерзімде оның орындалу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы ескеріле отырып көрсетіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мұндай есепке жазылған сомаға қолданылмайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрып есептелген соманы қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі. Бұл ретте, есептелген соманы есепке алу дербес шоттың есеп-қисаптар сальдосында соманы көрсете отырып жүргізіледі.
592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен салықты төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде салық төлеушінің дербес шотындағы салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген салық сомасы оның орындалу кестесі ескеріле отырып көрсетіледі. Салық төлеу мерзімі өзгерген кезеңде салық органы салық төлеушіге өсімпұлды есептеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбайды.
3. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын осы Кодекстің 31-бабының 9-тармағына сәйкес шетел валютасында көрсету салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттары негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.
593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу
1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақылар сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.
2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.
3. Есептелген айыппұл сомалары салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдарды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына есепке алу осы Кодекстің 591-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.
2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.
3. Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
5. Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және осы бапта белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.
595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мыналар:
жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
мыналардың:
дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың;
резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның;
осы Кодекстің 191-бабының 5-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;
осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.
Осы тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде - осы Кодекстің 200-бабының 1-тармағында көзделген хабарлама негізінде;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.
2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
3. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына беру:
1) біріккен, қосылған кезде - беру актісі негізінде;
2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде - бөліну балансы негізінде жүргізіледі.
Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және салықтық тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беру тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
5. Дербес шот, оны беретін салық органында - ағымдағы жылдың басынан басталатын кезең үшін оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ алдыңғы бес жыл үшін беріледі.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 596-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
596-бап. Қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты айыппұл төлеу бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотынан салық органының шешiмi негiзiнде есептен шығаруға тиiс.
597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты - заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған және құрылымдық бөлімше есептік тіркеуден шығарылған кезде жүргізіледі.
Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;
2) дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың дербес шотын жабу жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын резидент еместің дербес шоты - осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 598-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 598-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
2. Салық органы салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылғандығын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ішкі істер органдарына - мұндай органның сұрау салуы бойынша;
3) салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама (осы баптың мақсаты үшiн - берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама) жасау және оны беру арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша береді.
3. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер, сондай-ақ берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған орны бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттар деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Салық органы берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы:
1) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;
2) құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн - оның құрылымдық бөлiмшесiнiң дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескерiле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;