«Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығы

«Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетовке) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2014 жылғы 13 ақпандағы

№ 58 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу

 әдістемесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды анықтау үшін қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.