Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы
(2016.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1200 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.